Реалити-шоу
«Сәнді Алмас»
Бағдарлама атауы: «Сәнді Алмас»
Жанры: Реалити-шоу
Эфирдегі ұзақтығы: 4 сағат
Тілі: Қазақ тілі
«Сәнді алмас» бағдарламасының қағидасы бойынша, жобаға тұрақты түрде кәсіби модель емес 16 қыз қатысады. Әр апта сайын қатысушыларға қазылар тарапынан бір тақырып беріледі. Сәйкесінше тапсырмаға байланысты 16 қыз өз талғамына сай образ жасайды. Кезек бойынша алдымен 16 қыз жеке-жеке сән сахнасына шығып, образын қорғауы тиіс. Қыздар сән алаңына шыққан қызға өзіндік пікір айтады, әрі қарай, басқа сән шоуынан өзгешілігі ортада жеті түрлі көзқарасты ұстана отырып жігіттер де пікір білдіреді. Ең бастысы, қыздардың тарапынан таңдалған үлгілерге төрт әділ-қазы мүшелері кәсіби пікір білдіріп, 1-ден 10 ұпайға дейін бағалайды. Әр апта сайын ең жоғары ұпай жинаған үш бойжеткеннің арасынан «Апта ханшасы» анықталып, жеңімпаздың арнайы тағына жайғасады. Сондай-ақ серіктестер ұсынған сый-сияпатқа ие болады. «Сәнді алмас» шоуының алғашқы маусым барысында ең көп ұпай жинаған ару, 1 000 000 теңге иеленеді.
Қазақстандық модель, «Мисс Шымкент-2008», «Мисс Қазақстан -2013» сән байқауының жеңімпазы, «Әлем Аруы 2014» байқауында Қазақ елінің намысын қорғады.
1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін кардиолог мамандығын бітірген. Гольф, волейбол, гимнастика және бимен айналысады. 2015 жылы Мақсат Матыхановпен отау құрды. Қазіргі таңда 1 ұл мен 2 қыздың анасы.
Дизайнер
Қазақ мәдениет қайраткері, «JADO» сән үйінің құрылтайшысы, дизайнер — модельер, хореограф.
Бет әрлеуші (Визажист)
Сән индустриясында тәжірибесі мол визажист-стилист, психолог, коуч, «seka_makeup_beauty» сән салонының басшысы.
16
7
4